Andre Velter: Ақын (Poet)

80c57123072d3a42f4f40d7970337fd2.jpg (800×564)

Қақ жарғанда ақ алмас,

Қақ жарылған жапырақ сияқты.

Алғаш бұрқ еткен қанмен

Анықталатын өмір мен өлім.


Ешкімге атап қойған орын жоқ мұнда, 

Ту етіп көтергеніңмен әділетті.

Жалт еткен бір елес ол,

Өзің ұстап қалмасаң.


Қараңғыдан ат қойып шығып,

Жасыл әлемге бет алу бар.

Періштелердің де адасатын кезі болады.


Қайрылған сыңар қанатпен,

Найзағайлы аспанда бұлғақтаған.

Мен өзімді сондай сәтте табатыным бар.  

 Аударған Ardakh Nurgaz


«Andre Velter сезімтал жан, оны тұлғалаған нақты, шынайы жағдайлар. Оның поэзиясы сол үшінде бізді өзіне баурайды. Оның өмірі ұзыннан-ұзақ сапардан тұрады, әрбір басқан қадам, махаббат, кездесер кездейсоқтықтардан ол өзін іздейді, әрі табуға тырысады. A.Velter кездейсоқтықтар мен сезімталдықтың, неге болса да бас қоя алатын батылдықтың иесі. Онда өрекпіп тұрған өміршеңдік бар, ол шығармашылық сана, ізденіс, адамзаттың өзін түсіну, білудегі талмайтын талғампаз күші.

Ол сапарға шығуды, көргені мен білгені туралы ой кешуді ұнатады. Ғаламның сырын, тыршіліктің тынысын жырына сіңірген ақын. Ол салып кеткен ізден біз шығармашылық иесінің, ұлы өнердің айықбас қайшылығы мен ұлылығын тани аламыз».

https://www.mondeenpoesie.net/2020/03/andre-velter-aller-au-dela-oui-mais.html

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты