Walt Whitman. Уа, капитаным менің! (O Captain My Captani)

4b0d7c2bb2bc41170f3c5f17cd453624.jpg (3000×2373)


Уа, капитан, капитаным менің! Үрейлі сапарымыз аяқталды

Біз өттік әрбір қиын өткелдерден, біз көксеген жүлдені жеңіп алдық

Порт алдымызда, естідік қоңырау дауысын, жұрт алқауын

Миллион көз кемемізге қадалуда, ол мықты да айбынды әрі батыр

Тек жүрек, жүрек шіркін, қайран жүрек!

Қып-қызыл қан

Денесі мұздап, тынысы тоқтап

Капитан палуада сұлап жатыр


Уа, капитан, капитаным менің! Түрегеп тыңдасаңшы

Қоңырау үнін, - сен үшін тулар толқып желбірейді

Сен үшін кернай сарнап безілдейді

Сен үшін дайындалған гүлдер сансыз

Жағаға жиылған жұрт ерапайсыз

Сен үшін ұрандайды теңселген жұрт, ықыласты

Жүздерін саған бұрып

Капитан, сүйікті әкем мұнда менің!

Басыңа жастық етіп қол төсейін! 

Палуада, бұл шынында болды-ау бір түс –

Қалыпты денең мұздап, тоқтап тыныс


Бермейді маған жауап капитаным, сіресіп қатып

Қалған боп-боз ернің

Сезе алмай қолымды менің әкем, жаны жоқ қой

Тамыры соқпайды екен

Кемеміз аман-есен ягор тастап, аяқтады соңында

Өз сапарын

Тым үрейлі сапарда жеңіп шықты, мақсатына жетті

Ол –жеңіс бүгін

Күмбірлей түс қоңырау, шулай бер теңіз жағасы!

Тек мен ғана қасіретті қадаммен

Палуада баяу басып келемін, онда менің капитаным

Жатыр

Денесі мұздап, тынысы тоқтады ақыры. 


 Аударған Бақытқан Қыдырмуллин


Түпнұсқаға сілтеме:

http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=33&id=3761 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты