Jorge Luis Borges. Ештеңені өзгертпейді
Ай білмейді өзінің үнсіз екенін,
Тіпті, өзінің ай екенін де.
Құмда солай, білмейді өзінің кім екенін,
Барлық дүние білмейді өзінің ерекше болмысы барын.
Піл тісінен ойылған пешка мен оны ойнатқан қолда солай,
Шахматтың күрделі жүрісі олармен қатысы жоқ.
Қуаныштан қайғы асып төгілген тірлікте,
Мүмкін, біреу бар шығар, бірақ
Ол бізге белгісіз.
Оны Жаратушы деп атасаң да ештеңені өзгертпейді.
Күмәнің, қорқынышыңмен бас-аяғы жоқ дұға оқысаң да бәрібір.
Жебе адырнадан шығып кетті ме?
Нысана сол баяғы шоқының ұшар басы емес пе?
Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты