Thomas Hardy. Сен өлтіретін адам
Сен екеуміз
Ескі бір шарапханада жолықсақ,
Мүмкін, бірге отырып
Бірнеше бoкал сыраны соғыстырып, бірге тартар едік.
Бірақ, мен әскерге алындым,
Біз бірімізге біріміз кектене қарсы қарып тұрмыз.
Ол маған қарап, мен оған қарап оқ жаудырамыз,
Менің оны өлтірмесіме еш кепілдік жоқ.
Мен оны қақ маңдайдан атып өлтірем,
Себебі біреу-ақ, ол менің жауым.
Солай емес пе, ол менің жауым ғой,
Мұнда еш қателік тұрған жоқ.
Бірақ, мүмкін ол да мен сияқты
Армияға қатыссашы, тосын бір себеппен ғана.
Мен жұмыссыз қалдым, бір тиыным жоқ,
Оның үстіне басқа барар жерім тағы жоқ.
Я, соғыс деген ғажайып нәрсе,
Майданда сен оны қақ маңдайдан атып өлтіресің.
Бірақ, шарапханада кездессең, доссың,
Тіпті, соңғы тиыныңды шығарып, оны қонақ қылып жіберуің де әбден мүмкін.
Аударған Ardakh Nurgaz