Goran Sonnevi. Сенің тәнің

b009078fc19f35fcaa957251d5ace620.jpg (1200×802)

Мен саған:

Адамзатқа тән емеспін

Дедім.

Сен сонда:

Сезіп тұрмын

Сен шынымен

Адам болмауың мүмкін

Дедің.

 

Содан

Мен жоғала бастадым.

Ішімнен үгіліп,

Бірте-бірте сырт қабығыма дейін.

Көштім,  

Қаусадым,

Ештеңем қалған жоқ.

Ал сен мені жай ғана

Алақаныңа алып тұрсың.

Тура бір

Жоқ нәрсені қолыңда ойнатып тұрған жан сияқты.

 

Менің ішімде

Мөлдірейді түнгі аспан.

Тұнып тұр,

Қараңғы,

Тура бір мінсіз түнек.

Бір түйір де адамға тән

Жұлдыз, жарық жоқ.

 

Мен сенің тәніңе,

Қолымды тигізгенімде,

Сен де жоғала бастадың.

Еріп, езіліп

Саусақтарымның арасынан төгіліп кеткен

Тура бір,

Су сияқты.  

 

Аударған A.N.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты