Eugenio Montale. «Италия» атты саябақта

 7c689b886dad1a6458a9a3c6537381ef.jpg (640×360)

Тасбақа шөп арасында қиқалаңдап барады,

Ақсаңдап.

Бір аяғынан кемтар, сынған.

Жел тұрып, айнала жасыл желекке оранғанда,

Ол да үш аяқтап өз мекеніне жетті әйтеу.

Қашан басталды, қайда

Бұл сапардың басы да аяғы да жұмбақ.

Жарты ғасырдың алдында ма,

Әлде бір ғасыр бұрын ба

Мүмкін одан да ары шығар...

Ол үшін мұның бәрінің мәнісі шамалы:

Тек бір сәт кідіру немесе осындағы бір сәт.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты