Robert Bly. Ұйқыдан оянғанда

9015f49606122548e5e33bafdc9e1932.jpg (1209×800)

Қанымдағы кеме қозғалды

Айналада су миналары жиі бытырылап жарылып жатыр

Шағалалар көбікті қан теңізінде көтерілген желмен алысып шарқ ұруда


Таңғы шақ бұл:

Ауыл бір қыс бойы мұз астында жатты

Терезеде суыққа қарсы жамылғы

Аулада аяздан бүрсеңдеген иттер

Менің жаураған қолымда добалдай кітап


Біз осылай орнымыздан тұрдық

Ұйқыдан ояндық, таңғы асымызға отырдық

Қанымдағы теңіз айлағында таңғы қарбаластық басталған

Тұман, тұман сейілген

Суға түсірілген шынжырлы болат арқанның сыңғыры естіледі


Міне, ас үйде гүбірлеп ән сала бастадым

Еден, еппен бишіге тәрізді жеңіл қадам басып жүрмін

Тұла бойым тұп-тура бір теңіз айлағы сияқты

Үй иесінің енді үйде тұрмайтынын түсіне бер.


Аударған Ardakh Nurgaz


Robert Bly: Американың жыр тәңірін іздеу

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=3565


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты