Antonio Machado. Жауыздықтың куәгерсің, Гранада

e05a93bb9489269e31a5516a28d6a0f6.jpg (718×935) 

Қызарған таң шапағында көрдік

Сұқтанған суық қарудың қарауылында тұрған сені.

Бара жаттың тар көшені бойлап

Үскірік аяз ышқынған қарлы адалын бетке алып.

Жұлдыздар аспанда жамырап тұрған сәт еді ол

Олар сені өлтірді.

Шығыстан алаулап таң атқанда

Қанды қол жендеттер сап түзеп тұрды.


Олар оның қас жанарына турап қарай алған жоқ.

Арсыз көздерін жұма берді.

Сені, енді Жаратушы да құтқара алмайды! - деді.


Фрдрик сұлап түсті.

Атқалақтаған нәзік жүрек соғудан тоқтады.

Самайынан қан сорғалап, кеудесін мырыш оқ тесті.


Шерлі Гранада

Қанпезерліктің куәсі сен.

Ақын туған жерінде

Қасап қарақшылардың қолында өлді.   

Аударған Ардақ Нұрғазы.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты