Бақсы сарыны...
—Жынның басы Досыбай,
Жын шақырдым осындай.
Жын әулие келе ме,
Бip-бipінe қосылмай.
Ой, Аллаху , Аллаху ,
Аққудың терісін кигіздің,
Ақбоз атқа мінгіздің.
Аса қолға алғыздың,
Жүрмеске қоймай жүргіздің.
Арқасында алты кез,
Желкесінде жеті кез,
Маңдайында жалғыз көз
Жын келеді ауақтап,
Қызыл тілі салақтап.
Ей, Ер Домбай, Ер Домбай,
Шақырғанда кел, Домбай!
Келмей қалсаң, саған серт,
Шақырмасам, маған серт!
Жын атасы — Ер Қойқап,
Шақырғанға кел, Қойқап!
Қойқап тауын өрлеген,
Қастың тауын жерлеген.
Арқандап шайтан айдаған,
Жын-шайтанды байлаган.
Тайғақ кешу тар жолда
Сыйынғанда сіздерге,
Абырой берер жолда.
Жаңа келді Шарабас,
Алпыс қойдың терісінен
Бөрік шықпаған Шарабас.
Жетпіс қойдыц терісінен
Жең шықпаған Шарабас.
Тоқсан қойдың терісінен
Тон шықпаған Шарабас!
Жаңа келді дәу пері,
Жаңа келді су пері,
Жаңа келді ай пері,
Жаңа келді Күнқожа,
Жаңа келді қолаң шаш,
Екі иінімен мықтап бас!
Дүние кезіп шарласын,
Дерттің жөнін барласын,
Не боларын ойласын.
Жын үлкені — Дәу перім,
Жын ішінде бір серім.
Ұзындығы тоқсан қар,
Көлденеңі сексен қар.
Жалғыз көзді, бермен кел,
Талай жерге еттім ем,
Бізден сізге фарман бар.
Бол, аяғын, жиыл де,
Дауасын дерттің ойлаңдар.
Ортаға алып қамаңдар,
Дерт иесін байлаңдар.
Жасырынып қалмаңыз,
Іздеп, тінтіп қараңдар.
......
«Бабалар сөзі» жинағынан. 93 том.