Оуян Ю.Тақырыпсыз өлең

Әрбір осындай шақта,
Мен аңсаймын оны,
Алауын жыққан күн құз басын сүйіп,
Жұп торғай қарауытқан орманға қарай ұшқанда.
Әрбір осындай шақта,
Мен аңсаймын оны,
Кеш шапағы үйіріліп,
Көше шамдарының жарығы ғашықтардың сұлбасын қауыштырғанда.
Әрбір осындай шақта,
Мен аңсаймын оны,
Сүйектен өтер аяз жалаңдап,
Тітіркенген жүрегім солтүстіктің желінде аласұрғанда.
Әрбір осындай шақта,
Мен аңсаймын оны,
Коридордан бізөкшелі аяқкиімнің тықыр естілгендей,
Есікті әлдекім тосынан қаққанда.
Әрбір осындай шақта,
Мен аңсаймын оны,
Демі кеудеме ұрылып,
Төсімді аймалап, құшағымда бұлқынған сәтті.
Ақынның «Мельбурн, жалғыз ағаш» жыр жинағынан алынды. «Arna-b» баспасы. Алматы. 2021ж.
Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты
Tags: Оуян Ю.Тақырыпсыз өлең
