Ардақ Нұрғазы (Ardakh Nurgaz): Біржанның ақырғы әні

a94f586df0a08a035f8232ad0d89cdc2.jpg (1000×700)


(Немесе «Адасқақ» спектакльнің көздегені не?)


Әр дәуірде жасаған адамдардың дүниетанымы ұқсай бермейді. Алдыңғы жасаған адамдар туралы соңғылардың түсінігі негізінен өзінің танымы аясындасубъектив мән алады. Оның тасасында тануға талпыну жатыр. Адамдардың түсінігі өз дәуірінің экономика, саясат, заң-құқық және салт-дәстүрінің, жалпы қоғамдық сананың ықпалына орай қалыптасады. Ал заманның өзгерісі екі дәуірдегі адамдардың түсінігі мен дүниетанымындағы парыққа барып тіреледі. Парық бар жерде түсініксіздік немесе күңгіріттік орын алатыны белгілі. Уақыттың белгісі де осы арада. Таным дүниесіндегі мұндай күңгріттіккефилософия мен қоғамдық ғылым өз тәсілімен үңілсе, өнер өзіне тән ұстанымымен барады. 

Айталық XIX ғасырдың орта тұсында жасаған ақын, әнші Біржан сал Қожағұлұлы қазақ мәдениеті мен өнерінде белгілі тұлғалардың бірі. Оның соңына қалдырған мұрасы қазақ өнері мен мәдениетінің жарқын беті болып бағаланады. Біржан сал туралыел аузында аңыз-әңгімелер жетерлік.Соның бірі салдың өмірінің соңында рухани тұрғыдан қалыпсыздық танытқан дегенге саятынайтылым.Мұның шындыққа қаншалық жақын және нақты қандай сыйпатта өрбігені туралы анық айғақ жоқ болса да, салдың артына қалдырған мұрасынан біз бұл жағдайдың беталысы мен болмысына біршама үңіле аламыз.Бастысы осы кезеңде шыққан «Теміртас» әні бізді біршама мәліметпен қамдайды. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қойған «Адасқақ» спектакль де осы түйінге құрылған. Бұл қойылым белгілі жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Асқар Сүлейменовтың аттас прозалық шығармасы негізінде сахналанған. Шығарманың сахналық нұсқасын жасаған белгілі әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова. Қойылымның режиссері бұған дейін де А.Сүлейменовтың бірқатар шығармаларын сахналаған  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов.«Теміртас» әні мәтінінің айналымда бірнеше нұсқасы бар. Біз оның бүгінгі дәстүрлі әншілер жиі орындайтын нұсқасын негіз етуді жөн санаймыз. Әннің сөзі мынадай болып келеді:

Біржанмын, атым шықты-ау алты Алашқа

Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа жасымнан

Алпысбестің келгенінде Құдайым 

Берді науқас ғарып басқа-ай

Дүние-еу, өтеріңді-ау біліп едім білдірмей 

серлік еттім

Жүріп едім, бұл күнде арық қойдан бағам кейін 

Үш жүзге атым шыққан Біржан едім 

Қара су, есік алды лайланды

Бай қылмақ, кедей қылмақ Құдайданды

Камзолдай келте пішкен дөңгеленіп дүние-ау

Өтеріңде шыр айналды-ау

Теміртас, Асыл, Ақыққарақтарым 

Үкідей өздеріңді балақтадым 

Көзкөрген құрбы-құрдас, замандастар есіктен

Келерме деп, - алақтадым-ай

Ел кездім кертөбелмен арқтатып

Жақсыға сөз сөйледім анықтатып 

Үш жүздің ортасында Біржан едім

Бұл күнде қойдың Құдай шалықтатып-ау

Жаққаным ағаш үйге ызботы пеш

Құдайым мен пендеңнің күнәсін кеш

Теміртас, Асыл, Ақық қарақтарым

Білекке арқан баттау қолымды шеш-еу

...

Жоғарыдағы тармақтар әуеннің табиғатына құрылған мәтін. Өн бойында белгілі бір қатып қалған қалып жоқ. Әуенге толық бейімделіп, сіңіп кеткен өзгеше сөз мәнері. Бұл жолдардан біз поэзияға тәнтамашақасиетіде кездестіреміз.Айталық мәтін басынан аяғына дейін жасандықтан таза аса бай мазмұнды қамтып жатқанына қарамастанқұрлымы жағынан бөлініп-жарылмай, тармақтарына дейін еркін ұштасып кете береді. Ол тұтастықтың тұғырында өнер адамының жандүниесі,өзгеше көңіл күйі, болмысы тұр.Мәтіннің әрбір сөзінде өмірдің өзінен тамған шындықтайауыр салмақ бар. Айталық мәтініндегі:  «Дүние-еу, өтеріңді-ау біліп едім білдірмей /серлік еттім...» деп келетін үзікте өзгеше психологиялық тереңдік кездеседі. Бұлар тамаша поэзияға ғана тән элементтер.Мұндай түйіндер шығармада және жалғыз емес.

Біржан сал «Теміртаста» өмірінің ақырғы күндеріндегі жағдайды әр қырынан толық жеткізген. Әнді басынан ауыр күндерді өткізген, рухани тұрғыдан күшті қайшылықтарды кешіп жатқан жанның жан сыры деуге болады. Ән салған жерден Жаратушыға тілек айтумен басталады.Оның тасасында өлім елесі тұр. Ол елестің мазмұнынан біз меңдеткен сырқатты, аяқтан шалған жоқшылықты, келер күнге деген сенімсіздікті, жандүниенің құлазуын, жалпы өнердің биік белесінен құлдырар шағындағы талант иесінің ішкі күйініші мен шарасыздығын танимыз. Бұлар жиылып келіп Біржан өмірінің соңғы сәтіндегі болмысын айғақтайды.Біржанның өмірінің соңында осындай күйге баруына сонда сірә не себеп болды?

«Адасқақ» қойылымы Біржанның жоғарыдағы болмысын сахна тілімен жеткізудібасты мақсат еткен. Спектакль басталған жерде өң мен түстей ортапайда болады. Елестермен арпалысқан Біржан өзінің өткен өмірін шарлап, аласұра жан ұшырып Жанботаны іздеп, Абаймен «тілдеседі», ақыры «шалықтады» делініп қол-аяғы құндақталып байлау көреді.Есін жиып өзіне келген сәтінде бұғаудан босайды. Бірақ, өмірдің ағысы Біржандымұнымен жайына жібермейді, тағы бір құндақталуға апарып тығады. Сол заманның бетке басар тұлғаларының ортасында жүрген тартыс Біржанды да іліп әкетеді. Батыраш пен Ақан серінің арасындағы дауға еріксізден арағайындыққа жүрген Біржанрухани соққы алады. Алдына ақыл айтып, ағалық мінез көрсетіп барған шағында Ақан серінің: «сені жұмсады, сен жұмсалдың Біржан аға...» деген сөзі оның жандүниесін шайқалтады. «Шалықтады» делінген сал екінші ретқол-аяғы маталып,  байлау көреді. Осылайша қойылым Біржанды әуел бастағы күйіне қайта әкеледі. Уақыт айналып немесе тыныш тұрғандай. Спектакльдың эстетикалық ерекшелігі осындағы өзгеше уақыт ұғымын сахнада көрсетуінде жатыр. Бұл дәстүрлі драматургияның кеңістік пен уақыттың айрылмас бірлігіне құрылатын сахналау жүесінен басқаша, жаңа шешімнің көрінісі. Қойылым да «шалықтаған» күйдегі адам ретінде Біржанның рухани дүниесіндегі уақыттоқтап тұр. Бірақ, бұлұйтқыған құйынның өзегі сияқты шартты тыныштық-ты.Ол кез-келген сәтте тепе-теңдігін жоғалтып алуы мүмкін еді. Айталық Ақанның сөзін сол шартты тыныштықты күйрететін күш деуге болады. 

Байқап отырсақ спектакльде Біржанның жандүниесібірін-бірі қамтып, көміп кететін екі басқышпен сомдаған. Біріншісінде режиссер елестермен арпалысқан Біржанды Абаймен «тілдестіреді». Мұндағы мазмұнныңүш жақпен- Біржан, Абайдың әйелі Әйгерім және Абаймен қатысы бар. Айтылар ой Біржанның жастық шағында басынан өткізген сайран күндерінің өмірінің соңында өкініш болып оралғандығымен байланысты. Біржанның түсінігінде Әйгерімге байланысты Абай оны айыптайды, кінәлайды.Бұл тереңде жатқан, тіпті Біржанның өзі де анық аңғара бермейтіндей түйсік. Бірақ,ол бар, бар болып қалмай уақыт өте келе барынша асқынып дертке айналғантүйсік.Оны Біржанның тасадағы адам ретіндегі шынайы болмысының бір көрінісі деугеболады.Бұл жандүниеде жатқан дерт қана емес, сыздаған жара. Ол кез-келге сәтте жарылуы мүмкін. Ал тасада жатқан осы жараны ақырында Ақан тырнайды.Осылайша қойылым Біржанның жандүниесіндегі дағдарысты спектакль басталған жерден жұрт назарына ұшығын шығарып ұсынады да соңынан оны Ақанның себебіменжайып салады.Міне осы кезде тепе-теңдігін жоғалтып толқып кеткен жандүниеден өмірге өзгеше ән келеді, Біржан өзінің соңғы әнін салады,  ол – «Теміртас» әні болатын. 

Теодор Адорно «Музыка философиясы» еңбегінде  Бетховеннің өмірінің соңғы мезгілінде жазған шығармаларына арнайы тоқталып, «соғы стиль» деген атауды ғылыми айналымға енгізгенібелгілі. Философ Бетховеннің соңғы шығармаларында бұрынғыға ұқсамайтын, қалыпқа сыймайтын, шашыраңқы, соған қарамастан қайшылықтағыөзгеше мәнерге иесұрапыл бір үн - сарын бар. Бетховен шығармасының бұл сарыны өзінен бұрын да, кейін де қайталанған емес. Біз оны ұлы музканыттың өмірінің соңындағы қалыптан тыс көңіл-күйінің айқын бейнесі деп түсіне аламыз. Мен мұны «соңғы стиль» деп атағым келеді, - деп жазған еді. Мұндай стиль суретшілер мен ақындарда да кездескен. Айталық өнер зерттеушілері Винсент Ван Гогтың соңғы шығармаларының стильн соған жатқызады. Қазақ ақыны Омарғазы Айтанұлының өмірінің соңында жазған 19 өлеңінің табиғатында да осыған жақын мәнері бар.«Адасқақ» спектакльненбіз Біржан шығармашылығындағыосы«соңғы сарынға» жақын дүниені іздеугесаналы түрде барғанын байқаймыз. Қойылым режиссерін бұл мақсатқа жетектеген де жоғарыда айтқан Біржанның соңғы әнінің өзіне ғана тән болмыс-бітімі екені анық.Аталған қойылым арқылы режиссер «Теміртас» әні өмірге қалай келді деген сұраққасахна тілімен жауап бергісі келгендей.

Біржан сал жасаған дәуірде қазақ қоғамы үлкен өзгерістерді бастан кешіп жатты. Мемлекеттілігінен айрылып Үш жүздік құрлымның аты бар да заты жоғалған, шашылып қалған халықтың рухани дүниесінің аспанында үлкен жарық пайда болды. Ол өткен дүниенің, соған дейінгі қазақ халқының таным аясын құраған біртұтас дүниеніңкелмеске кеткенінің белгісі еді.Халық жаңа заманға үйлесудің жолын іздеуге тиіс болды. Бұл жапалы әрі үлкен бодау беруді талап ететін еді. Біржан сал әне сондай көңіл күйдегі жұрттың ортасынан шыққан, халықтың арманы мен мұратын, қайғысы мен мұңын, үміті мен тілегін арқалаған өнер иесі. Ол салған әннің замандар бойында халық санасынан өшпей кейінгі ұрпақтарға талмай жетуінің сыры да осында жатыр.Біржанды түсіну қазақтың өткен тарихын, әсіресе рухани тарихын түсіну деген сөз. «Адасқақ» спектакльбүгінгі ұрпақтың танымымен Біржанның жандүниесін терең қазбалау арқылы көрермендібодандыққа түскен өткен тарихымыз туралы ойлануға жетелейді.Өткеннен сабақ алмаған халықтың болашағы бұлыңғыр екені белгілі. Осы тұрғыдан келгенде аталған қойылымды бүгінгі қазақ драматургиясының үлкен жетістігі деп бағалауымызға әбден негіз бар. 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты