Christopher Nolan. Түстің қатпары және «Inception»
Менде көптен бері түске қатысты фильм түсірсем деген ой жүрді. Негізі кино мен түстің байланысы ерекше. Менің назарымды аударған дүние – түсіңде сен біреумен тілдескенде, оған сөйлеп жатасың, шындығында ол адам шын емес, оны сен ойдан туындатасың. Олар шынайы тұлға емес. Он жылдың алдында, мен бір фильм туралы ойлана бастадым, кинода түске тән элементтерді пайдаланғым келді. Ол кезде менің қиялымдағы түсінік «The Matrix» фильмiнің ықпалына ұшыраған әлдебір шын емес қиялдық түс алатын кеңістік туралы еді. «Fragment of Memory» фильмi осы тақлетті туындыға жатады. Мен екі түрлі кино тілі (heist-film & con-film) арқылы нысанаға алған дүниемді жарыққа шығарсам деген ойда болдым. Онда бір кейіпкерді қажетке қарай түс ортасына тартуға болады. Бұл жерде жалаң көріністің шектемесінен шығып кететінің белгілі.
Университетте мен ағылшын әдебиеті мамандығын оқыдым. Шығарма мәтініне талдау жасау барысында менің бір қызықты жағдайға назарым ауды, негізі оқырман мәтінді оқу барысында түрліше түсінікке ие болады. Мен кинода да осы тәсіл негізінде жұрттың аңдаусыз санасына тереңдеп бойлап, ондағы дүниелерді метафора және символдық элементтер арқылы түрлі кеңістікте ықпалдастырып, жұрттың санасындағы дүниелерге басқаша жолмен жақындағым келді. Егер бұл іс жүзіне асса, сен ақылдың сілтемесімен емес, басқаша тәсілмен болмысқа бір табан жақындай аласың деген сөз. Бұл да адамдардың өзара тіл табысуы мен диaлог құруының бір түріне де жатады. «Inception» фильмi осы таным аясында түсірілді.