Robert Lowell. T.S.Eliot және «The Waste Land»
Мен мұнда «The Waste Land» да жатқан мол мұра туралы, ондағы шеберліктің заңдылығы туралы, тіпті оның ағылшын тілді поэзияда алар орыны туралы айтқым жоқ. Мүмкін, біреулер ондағы дауысты шабыт тудырарлық ішкі үн, жеке тұлғаның бүгінгі жан айқайы, деп түсінер. «The Waste Land» шынымен заманымыздың картинасы екені туралы да менің кесіп айтар сөзім жоқ. Дегенмен, менің де өзімше топшылауыма болады. Аталған картинаның шындыққа жанасатыны туралы дақпырытты дау тап бір Шекспирдің «Король Лир» мен «Макбет» шығармаларының жеткен жетстігінің бізге берген әсерімен ұқсап кетеді. Шекспирдің трагедиялары оның көздеген дүниесінің нақты көрінісі сияқты, ол адам өміріндегі қатгез, айырымсыз, нәпсіқұмарлық, қаскөйліктің шынайы бейнесін алдыңа тартады. Осы тұрғыдан алғанда «The Waste Land» өзгеде бірегей трагедиялық шығармалар сияқты әлгі биікті бағындырып тұр. Әрине «The Waste Land» тек символдан ғана тұрмайды, онда көп дүние бар. Ол символды ашатын кілт. «The Waste Land» негізі бірінші дүние жүзілік соғыс туралы ғана жазды, алайда одан кейінгі жағдай тіптен сұмдық болды, десетіндер де бар. Менің айтарым шындықты шығармадан емес, шығарманың шындығын өмірден іздеген дұрыс. Т.С.Элиоттың өзіне тән кемшілігі айдан анық болғанымен, осы шығармасында оның найзасын жеріне жете қадап, түпкілікті нәтиже шығарғаны айдан анық. Оның өмірдегі және шығармасындағы болмыс біздің тарихымыздың айнымас бір бөлшегіне айналып кетті. Айталық бұл тай-таласуға келмейтін нақты жауап сияқты мәселе. Әр бір жаңа келген талапкер немесе ақын оны есіне алады және ұмытуы да мүмкін. Бірақ «мен оын оқымадым» деп көзін тарс жұмып кете алмайды. Олар өзіне сол негізінде жол іздейді. Сол жолда табысқа жетуі де, сәтсіздікке ұшырауы да мүмкін.