Симит Элферид: Түстің кілтін тапқан адам

З.Фрейдтің «Психологиялық  анализ» кітабына шолу

8e3b90d4c86b0e7749b9ba1ae45a6038.jpg (790×1092)

Батыстың «Таймс», «Нью — Йорк  таймс», «Нью — Йорк кітапқа шолу» т.б. басылымдары күнделікті жарыққа шыққан жаңа кітаптарға үнемі  шолу (рецензия) жариялап отырады. Шағын, жинақылығымен көзге түсетін бұл мақалалар уақыт ұзара келе өзіндік сын мəдениетін қалыптастырған. Бұл өз кезегінде автор, шығарма, оқырман, әдеби орта мен кітап нарғығын (баспа саласын) біртұлғаландырып, әр жақтың басын қосып, әр жақтың ортақ кеңістікте сапалы жұмыс істеуінде айта қалсын рөл атқарған. Өз кезінде оқырманның таңдауына ықпал ететкен төмендегі мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Баяғыдан келе жатқан бір ертекте, мейірімді бір адам асыр салып ойнап жүрген балалардың қасына барады да, оларды қолынан жетелеп елес пен түс еліне ертіп кетеді. Жұрттың мейіріміне бөленген бұл кісі басқа емес З.Фрейд — көп жылдар бұрын рухани ауруларды зерттеу саласында тың жаңалық ашып, адамзат тіршілігіндегі жұмбақтың кілтін тапқан кісі. Сол күннен бастап ол əлгі кілтті оңға бұрады, солға бұрады, біз білмеген көптеген есікті ашып тастады. 

З.Фрейд шынайы мəні бар ақиқаттарға ғана мойын ұсынатын адам. Ол «ақиқат — орнын тапса ғана ақиқат» екенін мықтап дəлелдеді. Өмірде шытырман тұйықтарға кіріп қалып, содан шыға алмай, жанталасқан жандарға ол періштедей мейірім төгеді, жабыға жанашырлық білдіреді —  бір лекциясында айтқанындай —  ол өзі мен өзі сияқты жандар үшін баспаса болмайтын жолды басқан адам. З.Фрейд аңдаусызсананы қамтыған жан дүниенің кеңестігінен ерекше маңызды тетік — нəпсіні тапты. Қалауы қанбайтын бұл түйсік көзге ерекше түседі, қашанда бəсеке мен текетіреске алып баратын, лап етіп жануға дайын тұратын көңіл-күйді меңгеріп тұрады.     

З.Фрейд күнделікті өмірде біздер жақсы білетін — ой-сананың тасасына бастайтын қарапайым мысалдармен жұмыс істеген. Айталық, қылмысқа түрткі болатын психология — біздер бұл түйінді ерте білуге тиіс едік  — қашанда ақылдың уысынан шығып кетеді. Мұның өзі оқырманды өз түсінің неден дерек беретінін білуге жетелейді. Ал бұл саланың ашылмаған тың дүние екені кім-кімге болса да аян. Алдымызда жатқан кітаптың қосымша бетінде кездесетін суреттер біздің түсінігіміздегі өзіміз тани бермейтін əлгі сырлы келбетімізге ұқсап тұрмай ма?    

Жұрттың бəрі З.Фрейд сияқты — түстің сырын ашқан адам ретінде — аңдаусыз санаға терең бойлап, ондағы жұмбақты көрген түсімізден шешіп бере бермейді.   

Бүгінде, түсті зерттеу рухани дүниені зерттеудің таянышына айналып, писхологиялық анализге тиянақ болып отыр. Бұл салада З.Фрейд ортаға қойған кейбір тəсілдер адамзаттың ішкі дүниесіндегі жұмбақты білуде дəуір бөлгіштік роль атқаруда. З.Фрейдтің көзқарасынша, писхологиялық анализ — ғылым ретінде əлі толық қалыптасып, бір жүйеге түскен жоқ, қайта енді ғана басталып жатыр. 


08,08,1920ж.    « Нью — Йорк уақыт газеті»

Мақаланы аударып, дайындаған – Ардақ Нұрғазы.


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты