Adam Zagajewski: Мынау кем-кетігі бар дүниені алқайықшы бір
Мынау кем-кетігі бар дүниені алқайықшы бір
Есіңе алшы маусымның ұзақ та тәтті күнін
Оған жабайы бүлдірген мен бір тамшы қызыл шараптың дәмін қос
Жоғалтқан мекеніңнің сол бір шөп басқан орнын есіңе алшы
Сен, мынау кемтар дүниені мадақ етуге тиіссің.
Желкенін жел жайған жел қайық, алып кемелер айдынды тіліп барады
Мүмкін олардың алдын да шексіз шетсіз шалқар сорап жатқан болар
Ол айдында да бәрін ұмыттыратын, тіліңді қарыйтын кермек бір дәм бар.
Сен барар жер басар тауы жоқ жанның көзінен көлдей жас ағызып жылаған даусын;
Дандайсыған жендеттің лепіріп салған әнін естіген бе едің?
Сен, мынау кемтар дүниені алқауға тиіссің.
Өзіңмен жолыққан сол бір сәтімді айтсайшы
Терезеден төгілген шуақта, бөлме іші
Есіңе алшы, көлден көтерілген аққудай мамырлаған күйдің үнін.
Сен күздегі бақ ішінде жеміс теріп жүрсің
Көктен алаулаған жапырақтар жер
Ананың қансыраған жарақатын еппен жауып жатыр
Біз мынау кем-кетігі бар дүниені
Төбемізде қалықтаған қауырсынды
Бар мен жоқтың арасында маңдайымызды өпкен шуақты алқайықшы бір.
Аударған – А.Н.