Emily Dickinson : Қыс, түстен кейінгі шуақ
Қыста, түстен кейінгі күнде
Қашанда ұрланып түсетін бір шуақ болады
Еңсемізді басатыны соншылық
Салмағы оның шіркеуден шыққан қоңыраудың үніндей ауыр
Ол бізге қастерлі дағын қалдырады
Алайда, оның ізін еш жерден таба алмайсың
Оның бізде қалып қойғанын
Тек ішімізден иігенімізде ғана аңғарамыз
Оның мейірінен ешкім де бас тарта алмайды
Ол өшкін тартпайтын таңба
Ол бізге жеткен
Қасіреттің ішіндегі ең бір тәттісі
Оның үні жеткенде, айнала құлақ түріп тына қалады
Көлеңке демін ішіне тартып, ізін жасырады
Ол алыстағанда, құлазыитынымыз соншалық
Өліммен арамыздың қаншалық қашық екенін сондан аңғарамыз
Аударған – А.Н.
Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты