O.Elytis: Дреністің шуағын қанып ішіп...( Drinking The Sun Of Corinth...)
Дреністің шуағын қанып ішіп
Тарихтың қираған, шашылып жатқан тастарының арасын кезіп
Жүзім бағын кесіп өтіп, теңізді кешіп тұрмын мен
Сүңгідім тұнық суда жалт еткен балыққа сермедім
Сыналап сіңген күн шуағынан ләззат тауып
Өмірдің келеңсіз беттерін бір жола жауып тастадым мен.
Жұтқаным теңіздің мөлір тамшысы, татқаным шырыны иіген жемістің нілі
Саусақтарымды, шашымды ғасырлармен үндескен жүйірік жел тарайды
Лимон ағашының әтір иісі көктем гүлінің қаузына құт сыйлайды
Сызылып әнге басқан торғай түсімнен қанатын қағып шырылдап шыға келген сияқты
Мен сенің қойныңдамын ұлы далам, ұлы теңіз
Мен сенің таң сәріде оянғанда, таза да тамылжыған бейнеңмін
Мен сенің құшағыңдамын, сен менің жан сарайымдасың ұлы дала.
Аударған – Ардақ Нұрғазы
Odysseus Elytis: Жұрт көбінде мені көңілді ақын немесе оптимист ақын деп қарайды. Бұл белгілі жақтан менің таразының екі басын тең ұстайтын ерекшелігімен болса керек. Енді бір тұрғыдан келгенде бұл түсінікте түбірі қателік те бар. Меніңше, поэзия өз деңгейіне жеткенде оптимист әки пессимист болып бөлінбейді. Мүмкін ол үшінші бір күйге өкілдік етер. Ол күйде қайшылықтың қарама-қарсылығы деген болмайды. Тағы айтам, поэзия бір деңгейге жеткенде қарама-қарсылықты өзіне сіңіріп әкетеді. Әне сол кезде өлең ақ-қарасы оңайшылықта айырыла бермейтін, болмысымен ғана өмір сүретін табиғат сияқтанады. Сондықтан, өлеңді анық бөліп жаратын ескі түсінікті мен қабылдай алмаймын.
Ақын туралы сілтеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/odysseus-elytis