Frank O’Hara. Өмір түсініксіздеу болғанда...

004328c4ad4df15ee4d98460f7324b98.jpeg (828×999)

Бәрі, бәрі өлеңде. Жоқтан бар жасайтын  Allen Ginsberg сияқты көріну қатеріне қарамастан, сізге хат жазып отырмын, себебі әлгінде ғана естідім, бір досымның айтуына қарағанда, менің өлеңімді бір жолда оқып тастауға болмайды екен, осы жағы мені де толғандырады. Ендеше, осы туралы айтайын, менің қолдан жасалған құдайларға бас қойып табына кететін әдетім жоқ, сондықтан да бәрін қолмен қойғандай жүйеге түсіріп жазбаймын. Мен Vachel Lindsay-ді жақсы көрмеймін. Бұрыннан солаймын. Мен ұйқас, жартылай ұйқас дегендердің бәрін жек көремін. Мен өз ойыма не келсе, соны істегенді жөн санаймын. Айталық көшеде кетіп бара жатқаныңда, қолына пышақ алған біреу тұра қуса, сен әсте: «ой, мені қуа көрме, мен пәленбай команданың мүшесі едім» деп оған жөн айтпайсың ғой.

Мұны өлең жазуға байланысты айтып отырымын. Айталық махаббаттасқан кезіңде, кедергіге ұшырасаң, «ау, сен мені бұлай жаралама, мен ренжіп қаламын!» деп ашып айтып жатпайсың. Бәрі табиғи болады, жаның ауырып жабырқасаң да төзесің. Уақыт қаншалық ауыр болса да көнесің. Махаббат дегеннің заңдылығы бұл. Сол сияқты көну керек. Бәрінен логика, анық түсінік, мән іздеу жарамсыз. Мен бәрін түсініп, біліп алатын адамдардың тірлігін мәнсұқтап отырғаным жоқ. Бірақ, ол маған жат. Менде, өмір түсініксіздеу болғанда тірлігімде құштарлық оты маздап жана бастайтынын анық білемін... 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты