George Seferis. Mиф пен тарих-XVIII

967e8b81a88070a9190509a3beac6db3.jpg (794×453)


Өкініш пе, әрине, өкініш, саусақтарымның арасынан

Тұтас бір алып өзен жөңкіліп өтті,

Бірақ, таңдайыма бір түйір тамшы да тамған жоқ.

Жерге сіңген алып қойтасардың арасында отырмын.

Маған серік бір түп балауса шырша ағашы

Қызыл топырақты далаға бойлап, терең тамыр тартқан.

Жылыстап өте шыққан шатықты жазым секілді 

Бәрі өзгерген, күздің ызғарлы желінде үйлер жантайып шөккен.   


Аударған Ardakh Nurgaz


«Оның (George Seferis) жырдағы тақырыбы адамзаттың ар-ұжданымен келмей қоймайтын қасіреттің үздіксіз керісуі мен келісуінен тұрады. Оның жырлары теңіз сапарлары, түп-төркінді іздеу, сондай-ақ бір кезде өмір сүген, бүгінде уақыт көшінде ғана қылаңдайтын, бірде бар, бірде жоқ, қирандылардың орныны ғана еске түсіретін, өлімнің-жоғалудың сыра не екенін аңғартатын бірегей картиналардан тұрады. Оның поэзия тілі сұрыпталған, екшелген сұрапыл күш пен тұнықтық үндескен стильден қаланған. Оның тілі қарапайым, бірақ, шымыр да ширақ, байырғы грек тарихы мен мифтік кеңістігіне оңай-ақ сіңіп кете береді. Гректің кешегісі мен бүгінгі тарихын түсінуде айырықша мүмкіндік ашады».


https://greeknewsagenda.gr/index.php/interviews/reading-greece/7247-poem-of-the-month-summer-solstice-by-giorgos-seferis-2

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты