Umberto Saba. Көктем (Spring)

d6ac2a4a347afeb68bcc3d70f8593c9b.jpg (1068×580)

Көктем, мен сені ұнатпаймын,

Саған соны 

Сондай айтқым келеді. 

Алғашқы шуағың төгілгенде

Көше мүйісінде

Сен мені жазбай табасың-ау. 


Сенің шуағың жалаңаш,

Және жалаңаш тәнге құмар.

Мен сенің көлеңкеңмін,

Қуатты алақаныңнан жаралған:

Өліп, қайта тірілген. 


Сен келгенде

Көр де баяғыдай қауіпсіз болудан қалды.

Ғасырлардың құрдасы сен – көктем.

Сенен өткен қатiгез жоқ шығар сірә:

Бар дүние сенімен бірге тіріліп,

Бірге өлімге бет алады.


Мен де солаймын, мен де

Өмір мен бөлімге қақ жарылғанмын.


Жүрегім де қақ жарылған.

Оны емдеп жазуға қаншама күш керек. 

Қаншама қауашағын жарған раушан гүлі керек.  

 


Аударған Ardakh Nurgaz 


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты