H.Böll.Менің ханымым
Ханымым менің жомарт-ақ,
Қаламадым ба?
Тұр әзір
Бұлқан да талқан жоғалтат
Кім болса соған бір мәзір.
Шаттанса деші;
Аспаным!
Амал не, бұл сәт қас қағым.
Ханымым менің бір елті*
Қараңғы тастай храмы.
Қабат та қабат сүрменті,
Түксие қарап тұрады.
Ләззат та деші;
Самғаған құс – ау.
Төгеді - ау шырын, жоқ тілде тұсау.
Ханымым менің бір іскер.
Жұмыстан босап әр кеште,
Болмаған тумыс тың істей,
Салады маған балды еске.
Ал, менде жұмыс басымнан асып,
Қалады күйбең мысымды басып.
Ханымым менің шатырама жан,
Ләмінде уыт зор-ақ деңгейі.
Ілігін тауып асыла маған.
Зарлауда шіркін жағы сенбейді.
Ем табада алмас, болғанда ноған
Ғаламшарыңнан бір тәуіп те оған.
Ханымым менің қазына басы
Зәрусіз ешкім
Онда жоқ баға.
Онда жоқ әлем бағалы тасы
Саудырап құрған қу сөздер ғана.
Ашпайды оны
Бермейді саған.
Ағытты болды, төгеді-ау маған.
Ханымым менің өзімдей салік
Бәрі де қурап керезге жеткен.
Недесем соған болады бәйік,
Арадай гүлдің шырынын өпкен.
Оралған пактік ғайып боп кеткен.
Жүректе жылу,
Жанып от біткен.
Ханымым менің неміс бойжеткен,
Жаныма енді бола алмас әнсар.
Уытты ажал тінімді кескен.
Шыбыным талық,
Рухым жансар.
Құлайды-ау келіп үстіме менің,
Әкеткен шақта тас түнек өлім!
Аударған Серік Қауымбайұлы