Jon Fosse. Сыйлық тек менің сахналық шығармаларым үшін ғана берілген жоқ...

22e7cd701de052f042a270858c0f0109.jpg (1180×791)

(Драматург, жазушы, ақын Jon Fosse-ның 2023 жылы Нобель сыйлығын алғанда жасаған баяндамасынан үзінді. 10.12.2023.)


Сөздің басын бұрайын, мен театрға қатысты шығармашылығым мен оның маған жасаған әсері туралы айтқым келеді. Мен шығармашылық деген жалғыздыққа тән дүние деген болатынмын, бірақ, мұндағы жалғыздық, жаныңа жылу сыйлайтын жалғыздыққа жатады. Айталық Olav H. Hauge айтқан сияқты, өзіңді тапсаң ғана болды. Ол бір өлеңінде солай деген болатын.

Мен алғашқы пьесам сахналанғанда бойымды кернеген шаттық дәл әлгінде айтқан жалғыздықтың кері жағына тән еді. Ол да бір түрі жақындық, серіктестік болатын, өнерге тән мүмкіндіктің жаныңа, рухыңа сыйлаған мөлшерсіз сый-сияпаты еді.  

Содан бастап әлгі сезім менімен бірге өмір сүріп келеді. Тіпті пьесамның саханалануы көңілдегідей болмаған күндерде де әлгі сезім  мені тастап кеткен емес, мен оның құдыретін сезінетін едім.

Театр тыңдауға бастайтын үлкен орта. Онда әуелі режиссер шығармаға құлақ қояды, одан кейін артистер оған беріледі, режиссер мен артистер бір біріне үңіледі, тыңдайды. Ал ол барыс соңында көрерменге жалғасады.

Менің түсінігімде шығармашылық деген осындағы тыңдау: мен шығармашылықпен айналысқанда ешқашан дайындық  жұмысын жүргізген емеспін, жоспар да құрмаймын. Әлде неге бой ұрамын, соны тыңдаймын, соған еремін.

Сондықтан мен шығармашылыққа байланысты қортынды  айтыңызшы десе, мен: тыңдай біл, деген болар едім.

Сондықтан шығармашылықты әуенге бой ұру деген дұрыс шығар. Мен он жастан асқан өспірім шағымда музыкадан жазушылыққа ауысқанымды білемін. Басқаша айтқанда мен музыканы тыңдап болып, соңынан жазушылықпен айналысып кеткендеймін. Шығармашылық барысында әуенге берілемін. Осы түйсік менімен өмір бойы бірге келеді. Қазір де солаймын.

Тағы бір айта кетерлік жағдай кейде мен жазып отырып мәтінді  аяқтап қалғанымды білемін, тек әлгі әлі жазып болмаған сөздерді жоғалтып алмай тұрып мүмкіндігінше жазып алуым керектігін сезінемін.         

Кейде мен сөздерді ештеңесіне тиіспей жазып аламын, ал  кейде өзгерістер енгіземін. Өзгерту барысында өзім іздеген дүниеге жақындаймын. Үздіксіз өзгерту, ықшамдау, өңдеу арқылы мәтінде бар, бірақ, әлі толық көрініс таппаған дүниеге қол жеткізуге тырысамын.

Әне содан негізі сахналық шығарма жазу ойында жоқ менің он бес жыл бойында пьеса жазуыма тура келді және ол  шығармалардың бәрі дерлік сахналанды. Уақыттың көшіне ілесіп оларды көптеген шет ел сахналары да қойды.

Мен бұған таң қаламын.

Өмір ғажап қой.

Тура менің бүгін осында, сіздердің алдарыңызда тұрғаным сияқты. Нобель сыйлығын алған адам шығармашылық туралы ойға қонатындай бірдеңге айтуы тиіс қой.  

Меніңше, сыйлық сахналық шығармаларыммен қатар прозалық шығармаларыма байланысты да берілгені анық.

Аударған Гүлнар АҚАНҚЫЗЫ

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты